Теңіз кенішінде жұмыс істеген павлодарлықтар үйлеріне оралды

30 Сәуір 2020, 23:14
1277
Бөлісу:
Теңіз кенішінде жұмыс істеген павлодарлықтар үйлеріне оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысына Тенгіз кен орнында жұмыс істеген 51 павлодарлықтар жеткізілді.  

27 сәуірде Семей қаласының әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келіп қонды, борттың ішінде Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар облысының тұрғындары болған, олардың барлығы "Тенгизшевройл" компаниясының жұмыскерлері. Семей қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша павлодарлықтардан коронавирустық инфекция анықталмаған. Осыған байланысты, оларды тұрақты мекен-жайға дейін жеткізу үшін Павлодар облысының әкімдігімен Семей қаласының блокпостына дейін көлік жіберілетін болады.

Павлодар облысының 51 тұрғындарының ішінде: Павлодар қаласының тұрғындары – 17,  Екібастұз қаласының тұрғындары – 31, сондай-ақ Ертіс және Павлодар ауданының үш тұрғыны бар.

Келіп жеткен уақытта, олар  14 күн бойы үйдегі карантинде және медициналық бақылауда болады.

Өзгелердің жаңалығы