Кеңестік төлқұжатпен жүрген 236 адам жеке куәлік алды

28 Қазан 2020, 19:00
1634
Бөлісу:
Кеңестік төлқұжатпен жүрген 236 адам жеке куәлік алды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодарда бүгінгі күнге дейін «қызыл» төлқұжатпен жүрген 236 адам құжаттандырылды. Олар осы күнге дейін ескі құжаттармен өмір сүріп келген.

Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Кристина Анциферованың айтуынша, кеңестік төлқұжатпен қоштаса алмаған азаматтар түрлі себептерді желеу етіп, ақталып жатады.

Бұл санаттағы азаматтар ешқашан құжаттандырылмаған. Мемлекеттік қызметтерді алмаған. 30 жыл бойы ескі төлқұжаттармен жүргендер келіп жатады. Жиі кездесетін себептердің қатарында материалдық мүмкіндіктердің жоқтығы, ата-аналарының да құжатсыз жүруі себеп. Біз оларды тауып, қызметтерімізді ұсынамыз. Әзірге полиция қызметкерлері мен әкімдіктер берген ақпараттарды пайдаланамыз, - дейді Кристина Анфицерова.

Мамандардың айтуынша, қазақстандық құжаттарды жасау мерзімі жарты жылға дейін созылып кетеді. Себебі, олардың тұлғасын растайтын хаттамалар қажет. Сонымен қатар, тұрғынның 1991 жылдан бері Қазақстанда тұрғанын дәлелдеу қажет. Егер тұрғын 1974 жылды кеңестік төлқұжатты бұрынғы КСРО құрамындағы басқа елде рәсімдесе, жағдай күрделенеде түседі. Өзге елге ақпарат алу жөнінде өтініш жолданады.

Қызыл паспорт өзге мемлекетте берілсе, оны растайтын жазбаны іздеу керекпіз. Бүгінде бұл бағытта Ресеймен тәуір байланыс орнаған. Ал Украина, Өзбекстан, Қырғызстандағы көші-қон қызметтері акт жазбасы бойынша ақпаратты мүлде бермейді. Немесе тым көп күтіп қаламыз. Жұмысты жеделдету үшін АХАЖ бөлімдеріне қоңырау шалуға тура келеді, - дейді көші-қон қызметінің мамандары.

Аймақта құжатсыз жүргендердің нақты саны белгісіз. Құжаттандыру өтініш түскен сәтте ғана басталады. Мамандар бұл мәселені алдағы төрт жыл ішінде түбегейлі шешуді көздеуде.


Өзгелердің жаңалығы