Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның соғыс жүргізу тактикасын зерттеумен айналысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Мәжілісте кулуарда мәлімдеді.
Кенесары ханның өмірі мен әскери тактикасымен таныспын. Бүгінде оның соғыс тәсілдерін зерделеп жатырмыз. Бірақ әр сарапшының өз пікірі бар. Кенесары қазақ армиясының символына айнала ма, жоқ па – оны уақыт көрсетеді. Сонымен бірге Сағадат Нұрмахамбетов пен Бауыржан Момышұлының әскери стратегиясын да зерттеп жатырмыз, – деді Жазықбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шайх-Хасан Жазықбаевтың Жеңістің 80 жылдығын еліміз қалай атап өтетінін және Әскерилер арасындағы суицид мәселесі туралы айтқанын жазған болатынбыз.