"Кеңес кезінде айта алмадық". Депутат қазақ тарихындағы елеулі оқиғаны айтты

5 Қаңтар 2024, 18:20
2349
Бөлісу:
"Кеңес кезінде айта алмадық". Депутат қазақ тарихындағы елеулі оқиғаны айтты
Фото: instagram.com/yerkinabil

Мәжіліс депутаты, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл Жошы ұлысының 800 жылдығын атап өту неге маңызды екенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жошы ұлысының қазақ тарихындағы маңызына тоқталсаңыз?

Жошы ұлысының қазақ тарихындағы орны ерекше. Мұны біз кеңес заманында айта алмай жүрдік. Бүгінгі таңда сол кезеңге нақты әрі шынайы баға беруге мүмкіндік пайда болып отыр. Жошы ұлысының құрамында қазақтар ұлт ретінде қалыптасып, өз алдында алып мемлекетке айналды. 

Қазақ хандығы 15 ғасырда негізі қаланды. Қазақ хандығын Жошы ұлысының тарихи кезеңдерінің бірі деп есептеуге болады. Демек Жошы ұлысының тарихы 13 ғасырда басталып, 19 ғасырда қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлымен аяқталады деген сөз. 

Сонда Қазақ мемлекеті қашан пайда болды?

Біз басқа тарихи даталарды жоққа шығармаймыз. Иә, Қазақ хандығы 15 ғасырда құрылды, алайда әулет ауысқан жоқ және жаңа мемлекет құрылмады тек қазақтар жеке ұлт таныла бастады. Тағы айтайын, Қазақ хандығы - Жошы ұлысы тарихының бір кезеңі ғана. Жалпы Жошы ұрпақтары 6 ғасыр бойы "Дешті-Қыпшақ" даласын биледі, оның ішінде Қазақ хандары бар. 

Сонымен бірге біз 2019 жылы атап өткен Алтын Орданың 750 жылдығыда маңызды дата десек болады. Талас құрылтайында Алтын Орда Моңғол империясының шырмауынан шығып, тәуелсіз мемлекетке айналды. Жошы ұрпағы 1224 жылы билікке келді.

Сіздің ойыңызша, Жошы ұлысының 800 жыл толуына орай қандай іс-шаралар ұйымдастырылады?

Ауқымды ресми іс-шаралар ұйымдастырылады деп ойлаймаймын. Негізі ғылыми жұмыстар басымдық беріледі. Бұл біздің тарихмыздағы символдық күн болмақ. Өйткені Жошы ұлысын халықтың тарихи жадына енгізу жұмыстары жүргізіледі. Мәселен әртүрлі конференциялар өтеді және ғылыми еңбектер мен деректі фильмдер шығады. 

Бұл бағытта алда қандай жоспарларыңыз бар?

Жошы ұлысы бұрынғы қыпшақ даласында құрылды. Олар ортағасырдағы түркі қағанатының жалғасы екені бәріңізге мәлім. Сондықтан түркі мемлекеттері Жошы ұлысының мұрагері деп те есептеуге болады. Жалпы біз "Ботай мәдениетінен" бастап, Ұлы дала өркениетінің тарихын үзбей, фрагменттерге бөлмей, тұтас процесс ретінде көрсеткіміз келеді.

Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы