Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы energyprom.kz сарапшылары хабарлады.
Сонымен, ең жоғарғы жалақы Батыс Қазақстан облысында, онда 1,2 млн теңгеге дейін алады.
2019 жылдың алғашқы тоқсанында өндіріс саласы жұмысшыларының орташа айлық атаулы жалақысы 243,8 мың теңгені құрады, осылайша ол бір жылда 9,2% артты. Инфляцияны есепке алғанда саладағы жалақының сатып алу мүмкіндігі 4% көбейді.
Ең жоғарғы жалақы — кен өндіру саласының жұмысшыларында. Бұл саладағы жұмысшы орташа есеппен айына 401,1 мың теңге көлемінде жалақы алады. Өсім 4,3% құрады.
Ал, қайта өңдеу секторындағы орташа статистикалық жұмысшының жалақысы едәуір төмен: айына 189,2 мың теңге.
Электр энергиямен қамтамасыз ету саласының жұмысшылары орташа есеппен 157,4 мың теңге көлемінде жалақы алады, сумен қамтамасыз ету — 118,1 мың теңге айына.
Кен өндіру саласындағы ең жоғарғы орташа айлық атаулы жалақыны шикі мұнай мен табиғи газ өндірушілер алады: 785,2 мың теңге айына, бұл орташа республикалық деңгейден 4,7 есе және өндіріс саласы жұмысшысының жалақысынан орташа есеппен 3,2 есе артық.
Екінші орында кен өндіру саласындағы техникалық қызметтер — 421,9 мың теңге айына. Үздік үштікті көмір өндірісі қорытындылады: 281,4 мың теңге айына.
Жоғары жалақы төленетін салада Батыс Қазақстан облысындағы кен өндіру мен карьерлерді өңдеу саласының жұмысшылары ең жоғары жалақы алатыны белгілі болды. Мұнда 2019 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 1,2 млн теңгені құрады. Бұл ҚР бойынша орташа жұмысшының жалақысынан 7,1 есе жоғары.
Екінші орында Нұр-Сұлтан: елорда да жұмыс істейтін кен өндіру саласының жұмысшылары жылдық өсім 8,1% құраған жағдайда орташа 1,1 млн теңге айына жалақы алған. Үздік үштікті Атырау облысы қорытындылады. Мұнда жалақы 920,2 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14,3%-ға артық болды.
Жалпы, аталған саладағы жалақының жоғарғы жылдық өсімі Жамбыл облысында тіркелді: өсім өткен жылмен салыстырғанда 34,2% құрап, жалақы айына 185 мың теңгеге дейін жетті. 2019 жылдың өзінде бұл өңірде жалпы сомасы 31,1 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады, 799 жаңа жұмыс орны ашылады.