"Кеме жасайтын зауыт жоқ". Смайылов су көлігін дамыту туралы айтты

12 Желтоқсан 2023, 16:28
623
Бөлісу:
"Кеме жасайтын зауыт жоқ". Смайылов су көлігін дамыту туралы айтты
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстанда су көлігінің дамуына не кедергі болып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлемде су көлігі ең үлкен сұранысқа ие болып отыр. Жаһандық жүк айналымының   60%-тен астамы және бүкіл сауданың 80%-ті   осы су көлігіне тиесілі. Қазақстанның әлемдік мұхитқа   тікелей шығатын жолы жоқ. Сондықтан біз барлық көлік түрлерін дамытып келеміз. Оның үстіне, жаһандық геосаяси жағдайларға және дәстүрлі сауда жолдарының үзіліп қалуына байланысты балама маршруттарды іздеу қажеттілігі туындап отыр, – деді ол үкімет отырысында.

Смайыловтың айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік маршруты арқылы 11 айда кемелердің жүктерді ауыстырып-тиеу көлемі шамамен 6,5 млн тоннаға жеткен.

Порттарды жан-жақты дамыту үшін   келесі жылдың соңына дейін  Құрықта,   ал 2025-шы жылы  Ақтауда   теңіз түбін тереңдету жұмыстары аяқталу керек. Бұл  ірі тоннажды кеме қатынастарына   мүмкіндік береді. Жалпы, теңіз порттарымыздың әлеуеті   өте жоғары. Олар арқылы қазіргіден 3 есе көп жүкті   ауыстырып- тиеуге болады. Сондықтан,   елдегі инфрақұрылымның мүмкіндіктерін   барынша тиімді пайдалану үшін   талапқа сай келмейтін жерлердің бәрін   ретке келтіру қажет, – дейді ол.

Үкімет басшысы кемелердің,  әсіресе паром тапшылығын шешуге тиіс екенімізді атап өтті.

Ол үшін шетелге тапсырыс беруге мәжбүрміз. Алғашқы паромдардың құрылысы алдағы жылы басталады. 2027-ші жылы олардың санын 4-уге жеткізу жоспарланып отырмыз. Өкінішке қарай, Қазақстанда кеме жасайтын зауыт жоқ. Оны салу мәселесін тездетіп қарап, инвестор тарту үшін шешім қабылдау қажет, – дейді Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы