Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкіметте Жолдауды жүзеге асыру шаралары туралы өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты.
Табиғатты қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша азаматтарға 10 АЕК-ден 20 АЕК-ге, орта бизнес субъектілеріне 30-дан 75 айлық көрсеткішке дейін, ірі бизнес өкілдеріне 70-ден 500 айлық көрсеткіштеріне дейін өседі. Қоршаған орта саласында жұмыс істеп жүрген мамандардың құзыры да артады, - деді ол.
Сондай-ақ, министр «Жан-жануарларды қорғау туралы» заң жобасы әзірленгенін айтты.
Заң жобасы қоғамдық талқылауға ие болды. Бүгінде ол Үкіметке енгізілді. Үкіметте талқыланған соң, ол Парламентке енгізіледі, - деді ол.
Министр дельфинарийлерді жабуға қатысты да пікір білдірді.
Заң жобасында ондай норма әзірленді. Ол тек дельфинарийлерге ғана емес, жабайы жануарларды ұстауға қатысты нормаларды да қамтиды, - деді Мырзағалиев.