Келісімге келу керек. Президент шекарадан келетін су туралы

1 Қыркүйек 2023, 11:45
678
Бөлісу:
Келісімге келу керек. Президент шекарадан келетін су туралы
Фото: BAQ.KZ - Архив

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін, - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан– трансшекаралық су көздеріне тәуелді ел.

Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы