Келінді артқы есіктен кіргізіп, той жасап жүргендер бар - вице-премьер

2 Шілде 2020, 15:41
2088
Бөлісу:
Келінді артқы есіктен кіргізіп, той жасап жүргендер бар - вице-премьер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі шектеулерге қарамастан той жасап жүргендер туралы айтты.

Вирустың ел ішіне кең тарауының негізгі себептері бар. Бұл халқымыздың ескертуге құлақ аспаған, немқұрайлығы болып отыр десем артық емес. Әлем бойынша бұл індетті 10 миллионнан астам адам жұқтырып, 500 мыңнан астам адам қайтыс болса да, біздің елде тығылып той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар жоқ емес, - дейді Ералы Тоғжанов.

Ол осы ретте тығылып той жасап жүргендерді мысалға келтірді.

Мысалға келтіретін болсақ, тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн сияқты шаралар толып жатыр. Өздерің де куә. Осындай әр шараның соңында кемінде 20-дан астам адамның ауруханаға түсіп, қаза болып жатқандары да мәлім, - дейді вице-премьер.

Айта кетейік, бүгін мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы