Келесі жылы оқушылар ҰБТ-дан бөлек тағы бір тест тапсырады

19 Тамыз 2022, 14:53
10356
Бөлісу:
Келесі жылы оқушылар ҰБТ-дан бөлек тағы бір тест тапсырады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мектеп оқушыларына мамандық таңдауға көмектесетін арнайы жоба туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр неге білім саласын біртұтас қарастыру керек екенін түсіндірді.

Біз білімді біртұтас қарастырумыз керек. Мәселен, ұзын шынжыр ретінде алып қарайық. Оның қосылатын жерлері өте маңызды. Егер шынжыр үзіліп кеткен жағдайда, не байланыс болмаған кезде білім сапасы төмендейді. Сол сияқты білім жүйесінде әр сатының өзінің мақсаттары мен нышандары болады. Мектепке дейінгі білімнің негізігі мақсаты мен нышанын қарайтын болсақ, ол баланы орта білімге дайындау, баланың ақпараттың қабылдауы, өзін басқара білу сынды қабілеттерін қалыптастыру, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Ведомства басшысының мәлімдеуінше, орта білімнің негізгі үш мақсаты бар. Олар: біріншіден, білімнің негізгі көлемді білім беру, екіншіден, әлеуметтік мақсат, ал үшіншіден, баланы еңбек нарығына дайындау және кәсіптік бағыттау.

Кәсіптік бағыттау кезеңінде жоғары біліммен байланыс орнатылады. Сол себепті кәсіптік бағыттау кезеңі өте маңызды. Биыл жаңа оқу жылынан бастап нақты шараға көшеміз. Біздің ұлттық тестілеу орталығымыз ұлттық тестілеудің алдында кәсіптік бағыттау функциясын іске қосады. Оқушыларға өзінің қарым-қабілетін анықтайтын арнайы тест енгізетін боламыз. Келесі жылдың басынан бастап бүкіл үміткерлер біріншіден, кәсіптік бағыттау қабілеттерін анықтап алуға мүмкіндік беріледі. Талапкерлер алдымен өз қызушылықтары мен қабілетін біле алады. Тестте үміткердің өзіне сай келетін мамандықтар тізімін таңдай алады, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы