Келесі жылы әрбір мектепте буллингке қарсы бағдарлама жүргізіледі - вице-министр

9 Қараша 2023, 12:41
872
Бөлісу:
Келесі жылы әрбір мектепте буллингке қарсы бағдарлама жүргізіледі - вице-министр
Фото: автордан

«Балалардың әл-ауқаты: бала кұқықтарын қорғаудың өзекті бағыттары мен тиімді тәжірибелері» атты кездесу өтіп жатыр. Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшылардың пайымдауынша, бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлі жоғары. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық, педагогикалық қолдау білдіріп келеміз. Заң жобасында балалар арасындағы буллинге қатысты нормалар бар. Ол нормалар қазіргі таңда сарапшылардың қатысуымен талқыланып жатыр. Жалпы буллингке қатысты жұмыс кешенді түрде атқарылып келеді деп айта аламын. Келесі жылдан бастап минстрлік тарапынан әрбір мектепте буллингке қарсы күрес бағдарламасы қарастырылған. Халықаралық тәжірибедегі балалардың буллингке қарсы шараларын қарастырып жатырмыз, - дейді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан. 

Келесі жылы әрбір мектепте буллингке қарсы бағдарлама жүргізіледі - вице-министр

Вице-министр балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылық шаралары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

Бұл бірінші кездесу емес. Дегенмен бұл шараның ерекшелігі – күн тәртібіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасы талқыланды. Сарапшылар өз ойларын ортаға салып, көптеген ұсынысын білдірді. Нақты айтар болсақ, заң жобасында өңірлердегі балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілдердің мәртебесін заңмен анықтау, өңірлерде психологиялық қызметтерді құру бойынша өкілеттіліктерін мемлекеттік тұрғыда анықтау. Бұл жерде ең маңызды күш - тәрбие мәселесі болу қажет. Бүгінде балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылық шараларына қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді оқу-ағарту вице-министрі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева елімізде іске қосылған сенім телефоны туралы сөз қозғап, күніне 500-ге жуық өтініш түсетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы