«Келешек мектептері» жобасы: 162 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Бүгiн, 11:33
125
Бөлісу:
 gov.kz
PHOTO
Фото: gov.kz

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 мектептің құрылысы аяқталды, оның ішінде 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл білім беру ұйымдары 27 үшауысымды және 11 апатты мектеп мәселесін шешуге, сондай-ақ 160 мың оқушы орнының жетіспеушілігін жоюға мүмкіндік берді. Бұл мақсатта бюджет қаражаты есебінен және инвестициялар тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

«Келешек мектептері» жобасы: 162 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Ел тарихындағы ең маңызды жобалардың бірі – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Оның аясында 206 мың оқушы орнына арналған 112 жаңа форматтағы мектеп қодданысқа берілді, оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Еске сала кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 254 мың оқушыға арналған 105 мектеп пайдалануға берілді.

«Келешек мектептері» жобасы: 162 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Қазіргі таңда білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 89 мың оқушыға арналған 81 мектеп салынды. Оның ішінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың оқушы орнына арналған 18 жаңа мектеп іске қосылды. Бұл шаралар еліміздің білім беру жүйесін ұзақмерзімді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайтарылған активтер есебінен Ұлытау облысының Қаражал қаласы мен Маңдырай станциясында екі мектеп, Солтүстік Қазақстан облысында бір балабақша салынды. Еске салайық, Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 8 білім беру нысаны қаржыландырылды, оның ішінде 5 мектеп, 2 балабақша және 1 жатақхана бар.

«Келешек мектептері» жобасы: 162 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Қосымша республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен 16 мың оқушы орнына арналған 30 мектептің құрылысы жүргізілді.

Сонымен қатар, қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді:
• реновация бағдарламасы аясында 209 мектеп жаңартылды;
• заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды;
• ауыл мектептері үшін 1196 заманауи пән кабинеті сатып алынды.

Айта кетейік, жаңа нысандарды пайдалануға берудің нәтижесінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қарағанды және Қызылорда облыстарында үшауысымды оқыту мәселесі толығымен жойылды.

Өзгелердің жаңалығы