"Келешек" бағдарламасы. 70 мыңнан астам шот ашылды

Кеше, 14:44
270
Бөлісу:
"Келешек" бағдарламасы. 70 мыңнан астам шот ашылды
Фото: BAQ.KZ архив

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Келешек" білім беру жинақтау жүйесінің сәтті іске қосылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Саясат Нұрбек халықтың белсенді түрде шоттар ашып жатқанын атап өтті.

Өте белсенді жүріп жатыр. 70 мыңнан астам "Келешек" шоты азаматтар тарапынан ашылды. Тіпті, шын айтқанда, бастапқы капиталды есептеу керек пе деп аздап алаңдап отырмыз. Барлық ірі ұлттық университеттер бұл бастамаға қосылды. Атап айтқанда, ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, бірнеше жеке университеттер, Нархоз және басқалары, - деді министр.

Оның айтуынша, университеттер "Келешек" жүйесі арқылы жинақталған қаражатпен келген балаларға жеңілдіктер ұсынады. Министрдің мәліметінше, ең үлкен 50% жеңілдікті Сәтбаев университеті берген.

Егер бала грант жеңіп алса, бұл ақшаны іні-қарындастарына аударуға болады, егер отбасы үлкен болса, тұрғын үй алуға бағыттауға немесе жинақталған депозит ретінде шешіп алып, өз қажетіне жаратуға болады, - деп түйіндеді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін министр борышын өтемей жүрген "Болашақтың" түлектері туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы