Келер жылы доллар 470 теңгеге дейін өсуі мүмкін – сарапшы

21 Желтоқсан 2021, 11:23
1208
Бөлісу:
Келер жылы доллар 470 теңгеге дейін өсуі мүмкін – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Доллар келесі жылы 470 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов осындай болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz

Сарапшылардың саралауынша, әлем экономикасы да қазір шатқаяқтап тұр. Оған "омикрон" штамы себеп болған. Осының кесірінен мұнай бағамы арзандады. Ал бұл өз кезегінде теңгенің де әлсізденуіне соқтырған, делінеді Астана телеарнасының арнайы сюжетінде.

Бүкіл қаражатыңызды бір валютада сақтамаңыз. Бәрін долларға да салып қоюға болмайды. Бөліп бөліп 3 валютада ұстаңыз. Біраз бөлігін долларда, біразын еврода, біразын теңгеде деген сияқты. Болмаса оның орнына алтын да алуға болады. Шетел валютасын сатып алып қою керек. Көбірек басымдықты сол жаққа беру керек, – дейді экономист Мақсат Халық.

Экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов болса, қаржы саласында алдағы жылы да айтарлықтай қиындықтар болуы мүмкін екенін жасырмайды.

Оның болжамына сай, келер жылы 1 доллардың құны 455-470 теңге аралығында сатылмақ. 

 

Өзгелердің жаңалығы