Кедендік декларациялардың 100%-ы қашықтан тапсырылады

9 Ақпан 2021, 09:40
1940
Бөлісу:
Кедендік декларациялардың 100%-ы қашықтан тапсырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев енгізілген цифрлық технологиялар туралы айтып берді.

2019 жылы біз Астана-1, Электрондық шот-фактуралар, Тәуекелді басқару жүйесі ақпараттық жүйелерін енгіздік. Бүгінгі күні салық декларацияларының 99%-ы және кедендік декларациялардың 100%-ы қашықтан тапсырылады. Сонымен бірге «Электрондық шот-фактуралар» жүйесін енгізу контрагенттер арасындағы мәмілелерді онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік берді, - деді ол.

Сонымен қатар, Жамаубаев онлайн отырыста тәуекелдерді басқару жүйесінің қолданылу аясын кеңейтілгенін айтты.

Тәуекелдердің 86 түрлі модельдері құрылды, 12 млрд-тан астам цифрлық құжаттар өңделді, - деді ол.

Қаржы министрі айтқандай, цифрландыру және әкімшілендірудің есебінен 2019 жылы қосымша 916 млрд теңге қамтамасыз етілді.

2020 жылдан бастап онлайн-Бақылау касса машиналарын қолдануға жаппай көшу жүргізілді. Сондай-ақ, «Е-терезе» ақпараттық жүйесі рұқсат құжаттарын беретін 13 ақпараттық жүйені біріктірді. Қызметтерді алу уақыты 
30 күннен 5 күнге дейін қысқарды, - деп айтты Ерұлан Жамаубаев.
Ол 2020 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілендіру және цифрландыру есебінен қосымша 710 млрд теңге салық түсімдері қамтамасыз етілгенін жеткізді.
Өзгелердің жаңалығы