Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордадағы эпидемиологиялық жағдай және тұрғындарды COVID-19-ға қарсы вакциналау бойынша өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы күреске қала бойынша 4 мыңнан астам медицина қызметкері тартылған.Қазір елорда коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы бойынша «қызыл аймақта» тұр. Аурушаңдық белсенді түрде өсіп келеді. Орташа есеппен коронавируспен ауырғандар 500-ге жуық жаңа жағдай тіркеліп отыр. Бұл өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 3 есеге көп. Шілдеде мұндай жағдай 187 болған. Тіпті сол кезде коронавирус анықталмаған пневмонияны қосқанда да қазіргі жағдай бұрынғыдан қиынырақ, - деді Мұратов.
Алайда алдын алу шаралары сақталмаған жағдайда бұлардың барлығы мағынасыз болатынын түсіну қажет. Елордада 65 мыңнан астам адам вакцина алды. Бұл медицина қызметкерлері, ұстаздар мен құқық қорғау органдары, дипломатиялық қызметкерлер, созылмалы ауруы бар адамдар мен өз еркімен салдырған адамдар. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша егу пунктінің саны 36-дан 100-ге көбейтілді, - деді ол.