Қазір сөзден іске көшетін заман – Берік Дүйсембинов

27 Мамыр 2021, 17:06
3062
Бөлісу:
Қазір сөзден іске көшетін заман  – Берік Дүйсембинов
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордамызда саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алаштану интерактивті кабинеті ашылды. Сонымен қатар Qyr balasy қорының «Алаш кітапханасы» сериясымен шыққан кітаптардың таныстыру салтанаты өтті.

Шараны «Алаштың ақжолы»  жас ғалымдар мен студенттердің арасында ғылыми конкурсының жүлдегері, Абай мектебінің мұғалімі Заңғар Кәрімхан ұйымдастырды. Оның айтуынша, Абай мектебінде ашылған мұндай рухани мекеменің мәні мен мағынасы зор. 
Біз осы арқылы жас ғалымдар мен балаларды Абай әлеміне қызықтыра аламыз. Бүгін біздің мектебімізде екі үлкен жаңалық болып отыр. Біріншісі - Алаштану интерактивтік кабинетінің ашылуы. Екіншісі - арыстарымызыдың белгісіз мұралары жазылған жеті кітаптың шығуы. Бұл шаралардың мәні мен маңызы зор. Қазіргі кезде Абайдың мұраларын, Алаштың мұраларын әлі де зерттеуміз қажет. Жастардың арасында тың ақпарат  беретін ғалымдар көп. Сондай ұлы жаңалықтар  жаңадан бой көтеріп келе жатқан мектебімізде түсіндіріледі деген ойдамыз,  - деді ол.
Қазір сөзден іске көшетін заман  – Берік Дүйсембинов

Сонымен қатар ол Абай мектебінің ерекше ақпарат  беру тәсілінің ерекшелігіне тоқталды.

Кабинеттеріміздің бәрі жаңа құрал жабықтармен жабдықталған. Қазақтың рухани құндылықтарын тану мақсатында мектеп қабырғаларына тарихи тұлғаларымыз жайлы қызықты деректер мен инфорграфикалық ақпарат келтіріліген, - деді ол.

Қазір сөзден іске көшетін заман  – Берік Дүйсембинов

Шараға қонақ  ретінде филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай, әдебиетші Сейітбаттал Мұстафаұлының ұрпағы Ермек Әбілғазин, «Qyr balasy» қоры Әлихан Бөкейхан атындағы Алаш ғылыми зерттеу институтының директоры Ұшқын Сәйдірхаманұлы қатысты.

Қазір сөзден іске көшетін заман  – Берік Дүйсембинов

Жиын қонақтары Алаштану интерактивті кабинетінен бөлек, Абайдың музейін және Шәкерім кабинеттерімен танысты. Әрбір сынып іші тарихи тұлғалардың инфографикалық мәліметтерімен суреттелген. Мектепте 1600-ге тарта оқушы, 150-ге жуық мұғалім жұмыс істейді.

Қазір сөзден іске көшетін заман  – Берік Дүйсембинов

Шара кезінде келген қонақтарға  Перизат Тұрарова «Сайра бұлбұл» әнін орындап берді.

Ақжол партиясы - Алаш тарихын зерттеумен жүйелі түрде айналысып келе жатқан партия. Мақсатымыз - Алаш құндылықтарына жас ғалымдарды тарту. Өйткені тарихымызды танушылардың көбі бірталай жасқа келді. Осы бір рухани байлығымызды әрі қарай дамыту үшін жастардың санасына сіңіруміз қажет, – деді ҚР Парламентінің депутаты Берік Дүйсембинов.
Қазір сөзден іске көшетін заман  – Берік Дүйсембинов

Депутаттың айтуынша, Алаш арыстарын құр мақтап, ұрандата беруді қою керек. 

Қазір сөзден істен көшетін заман. Біз Алаш арыстарын мистикалық батыр ретінде, құрбан ретінде көрсете бермеуміз қажет. Бұл тұлғалар өз ісінің шебері болған. Мысалы, Әлихан Бөкейханұлы  өз кезеңінде мал шаруашылғының маманы болған. Ол кісінің сол кездегі айтылған концепциялары, қазақ жеріне қандай төрт-түлік түрін өсіру керек дегендей. Бұл бүгін де өзекті. Әлі күнге дейін қолданыста. Тағы да айтамын, бұл кісілерді ертегінің батырлары емес, ғалым ретінде қарайық.  Бүгінгі жастар ешқандай насихатқа көнбейді. Олар бізден не үшін көруім, оқуым керек деп сұрайды. Сол себепті оларға пайдалы жағын дәріптей аламыз,– деді Берік Дүйсембинов.
Олжас АДАЙ 
Өзгелердің жаңалығы