Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ жасырынған қойманы анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері қару жарақ жасырынған жерді анықтап, Семей қаласының Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жедел жұмыс жүргізді. Жұмыс жүргізу барысында Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха тас жолында Макарова қаруы жасырылған қойма табылды.
Семей-Ресей шекарасы автокөлік тас жолының 2 шақырымында орналасқан аумақты тексеру барысында 9 мм Макарова тапаншасы мен 7 дана оқ табылды. Сонымен қатар, кейстен гранатаға ұқсайтын бір дана көлемінде металл зат шығарылды.
Тәркіленген заттардың барлығы 37 жастағы Семей қаласының тұрғынына тиесілі екені анықталды.
Семей қаласының ДП қызметкерлерімен бірлесе отырып, үйлесімді жедел жұмыс жүргізілді. Қызметкерлеріміздің қырағылығының арқасында нәтижелі әрі уақытылы жұмыс атқарылды, – деді жедел бөлім бастығының орынбасары Жеңіс Дауренбеков.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.