Қазандағы қайғылы оқиға: Тоқаев Путинге көңіл айтты

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.</h4>

 11 Мамыр 2021 2021, 18:56
11 Мамыр 2021 2021, 18:56
2788

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Еске салсақ, бүгін Қазан қаласында №175 мектеп гимназиясында белгісіз азамат мектеп ішінде атыс ұйымдастырды. Бұдан бөлек мектепте атыстан бөлек, жарылыс та болған. Салдарынан 13 адам ажал құшып, 32 адам зардап шекті. Кейіннен мектепте атыс ұйымдастырған азаматтың кім екені анықталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Осынау қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.
Наверх