Қазақстанның Түркиядағы елшілігі шұғыл мәлімдеме жасады

30 Қазан 2020, 20:00
1891
Бөлісу:
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі шұғыл мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады.

Бұл жайында Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook парақшасында жазды. 

Өте шұғыл! Өте маңызды! 30 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 14.51 шамасында эпицентрі Измир провинциясының Сеферихисар ауданына жақын жерде, Эгей теңізінде 6.6 баллдық (кей ақпарат көздеріне сәйкес, 6,8 немесе 7 баллдық) қуатты жер сілкінісі болды. Зілзала Түркияның Эгей және Мармара теңіздерінің жағалауында орналасқан провинцияларда сезілді. ҚР Елшілігі тиісті түрік мемлекеттік органдары және мекемелерімен байланыс орнатып, мән-жайды анықтап жатыр, – деп жазды елші. 

Оның айтуынша, әзірге зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ. 

Көмек қажет болса, азаматтарымыз тікелей елшілікке +903124919100 нөміріне немесе маған хабарласа алады, – деп атап өтті Абзал Сапарбекұлы.


Өзгелердің жаңалығы