Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері Қытайда таныстырылды

3 Желтоқсан 2021, 19:25
1396
Бөлісу:
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері Қытайда таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде гибридті форматта жетекші қытайлық және қазақстандық БАҚ үшін баспасөз брифингі өтті.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Қытайдағы уақытша сенімді өкілі Мұрат Мұқышев жиналған журналистерді соңғы онжылдықтарда Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен таныстырды. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік таңында тұрған ауқымды міндеттерді шешуде, сондай-ақ өзінің «қазақстандық жолын» қалыптастырудағы орасан зор рөлін және жаһандық дамудағы үлесін атап өтті, - делінген хабарламада.

Қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді одан әрі жаңғырту мақсатында кешенді саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі бастамаларына тоқталды.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері Қытайда таныстырылды

Сонымен қатар Қазақстан-Қытай саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының қалыптасу тарихына, қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына және мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтудың басқа да мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Баспасөз брифингіне «China Daily», «Beijing Ribao» газеттері, «Қытай», «Caijing», «Foreign Economic Relations & Trade» журналдары, «CRI» Қытай халықаралық радиостанциясы, сондай-ақ «China Online», «Жэньминьван», «Хуаньцю Онлайн», «Sina Online», «Phoenix TV», «The Paper» жаңалықтардың интернет-порталдары сияқты Қытайдың ірі БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

Іс-шарада қазақстандық БАҚ өкілдерінен «Хабар» және «ҚазАқпарат» агенттіктерінің Қытайдағы меншікті тілшілері болды.

Өзгелердің жаңалығы