Қазақстанның бас санитарлық дәрігері вакцинадан кейінгі жағдайы туралы айтты

1 Ақпан 2021, 11:37
1945
Бөлісу:
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері вакцинадан кейінгі жағдайы туралы айтты
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Sputnik V» вакцинасын алғашқылардың бірі болып ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов алды.

Айта кетейік, елімізде бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы Ресей Федерациясында өндірілген «Sputnik V» вакцинациясымен вакцинациялау басталды. 

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері вакцинациядан кейін ешқандай жағымсыз сезімдерді сезінбейтінін айтты. 

Дәл қазір өзімді ыңғайсыз сезініп тұрған жоқпын. Ең алдымен пациентті тексеру жүзеге асырылады, оның барысында анамнез алынады. Яғни бұрын ауырған аурулар туралы сұралады, аллергия бар-жоқтығы анықталады. Температураны, қысымды өлшеу, жұтқыншақты тексеру жүргізіледі. Осыдан кейін ғана пациентке дәрігер вакцинация жүргізуге рұқсат береді. Сондай-ақ, пациентке ақпараттық келісім беріледі, ол құжатпен танысып, ерікті түрде вакцина алуға қол қояды. Вакцина екі сатылы, оның екіншісі 21 күннен кейін салынады, - деді Ерлан Қиясов.
Сондай-ақ, Бас дәрігер Қиясов вакцинацияның нәтижесі үшін барлық жауапкершілік өндірушіге де, тікелей медициналық мекемеге де жүктелетінін айтты.
Барлық жауапкершілік ортақ. Әрине, Денсаулық сақтау министрлігі атиптік реакциялардың әр жағдайын бөлек зерттейді. Әрбір өңірлік Денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы комиссиялар құрылады, - деп айтты бас санитарлық дәрігер.

Оның сөзінше, егер пациент ресейлік вакцинаны алуды бастаса, онда екінші доза да осы «Sputnik V» вакцинасы болады. 

«Sputnik V» технологиясы бойынша Қарағандыда отандық вакцина өндіріледі. Осы айдан бастап оның өндірісі 90 мың дозаға жетеді. Келесі айда 150 мың дозаға жеткізуді жоспарлап отыр. Ал сәуір айында 500 мың доза, - деп атап өтті вице-министр.

Ол атағандай, ең алдымен, қауіпті топқа жататын медицина қызметкерлері вакциналанатын болады.

Мен барлық талапты сақтауға тырысамын. Оны сақтауға бәрін шақырамын. Адам вакцина алғанына қарамастан, кейбір жағдайларда ол тасымалдаушы болуы мүмкін. Ықтималдығы аз, бірақ ол бар. Вакцинациялансаңыз, ең алдымен, өзіңізді қорғайсыз. Сіз өз ағзаңызды инфекция жұқтыру мүмкіндігінен және аурудың одан әрі дамуынан төмендетесіз. Алайда сіз денеңізді сізге шабуыл жасай алатын вирустардан босатпайсыз. Бұл вакцина сіздің организміңізді аурудан қорғайды, - деп түсіндірді вице-министр Қиясов.

Еске сала кетейік, бүгін елордадағы №6 қалалық емханада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алды.

Кейін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният журналистерге сұхбат беріп, вакцинадан кейінгі денсаулық жағдайымен бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы