Әскери қызметшілер «Эшелон-2021» арнайы оқу-жаттығуына қатысады

16 Қазан 2021, 19:23
1250
Бөлісу:
Әскери қызметшілер «Эшелон-2021» арнайы оқу-жаттығуына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл оқу-жаттығу 18-23 қазан аралығында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қарулы күштері материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің қатысуымен «Харбмайдон» (Тәжікстан Республикасы) полигонында өтеді.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстаннан «Эшелон-2021» арнайы оқу-жаттығуына 20-ға жуық әскери қызметші қатыспақ. 

Бірлескен маневрлер барысында шекара маңындағы қарулы қақтығысты ауыздықтау операцияларын дайындау және оларды өткізу кезінде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскерлерін (Ұжымдық күштерін) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері пысықталады.

Өзгелердің жаңалығы