Қазақстаннан ТМД елдеріне 5 жылда 200 мың адам көшкен

18 Қыркүйек 2021, 00:39
1283
Бөлісу:
Қазақстаннан ТМД елдеріне 5 жылда 200 мың адам көшкен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 5 жылда ТМД елдеріне 200 мың қазақстандық қоныс аударған. Бұл туралы бүгін Еңбек ресурстарын дамыту орталығы Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская мәлімдеді, деп хабарлады «Хабар 24».

Қазақстанда ішкі көші-қон қарқын алды. Бұл тұрғындардың өмір сүру үшін неғұрлым қолайлы жағдай тапқысы келетінімен байланысты. Пандемияға байланысты көші-қон процестерінің қарқыны бәсеңдегенмен, 2020 жылы бұл көрсеткіш 2015 жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары болды. Ішкі көші-қонның негізгі тартылыс нүктесі республикалық маңызы бар қалалар мен өнеркәсіптік батыс өңірлер болып отыр. Ал сыртқы көші-қонның теріс сальдосы 22 мың адамдай болады. Негізгі бағыттарды атасақ, соңғы 5 жылда ТМД елдеріне 200 мыңға жуық адам кеткен, – деді Александра Молчановская.

Оның айтуынша, жастар көбінесе шетелге оқуға барып, қалып қояды екен. Себебі онда оқуға түсу жеңілірек әрі ҰБТ тапсыру талап етілмейді.

Әрине, соңғы уақытта кадрлардың тоқтамауы – күрделі мәселе. Бірақ көші-қон дегеніңіз – табиғи үдеріс. Біз ешкімге елден кетуге тыйым сала алмаймыз. Халықтың көші-қоны әрдайым қайтымсыз үдеріс болады. Азаматтар елде қалғысы келсе, кешенді шаралар қажет. Яғни барлық бағыттар бойынша өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасау керек, – дейді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы