Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада ТМД-ның 200 миллион тұрғынының деректерін тарататын сайт бұғатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Украина ІІМ мәліметінше, онда Украина, Молдова, Беларусь және Қазақстан азаматтарының телефон нөмірлері, тегі, аты және әкесінің аты, сондай-ақ тіркеу орындары болған.
Киберполиция департаментінің қызметкерлері Украинаның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Радасының уәкілінің өкілдерімен және АҚШ, Молдова және Германиядан келген халықаралық әріптестермен бірлесіп, автоматтандырылған жүйелер мен интернет желісін пайдаланып, дербес деректерді қорғауды бұзу фактілерінің жолын кесті. Бірлескен іс-қимылдар нәтижесінде 200 млн-ға жуық адамның, соның ішінде Украина, Молдова, Беларусь, Қазақстан және басқа да ТМД елдері азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі веб-ресурстардың бірінің жұмысы тоқтатылды, - делінген хабарламада.Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.