Қазақстандықтар жаңа анонимді желі ойлап тапты

18 Қазан 2021, 17:02
3151
Бөлісу:
Қазақстандықтар жаңа анонимді желі ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында GetEmotions жобасының негізін қалаушы Айтуған Омаров мәлімдеді.

GetEmotions миссиясы - адамдарға қарым-қатынастың жаңа формаларынан ерекше эмоциялар мен әсер алу мүмкіндігінде. Кәдімгі өмірде біреу жанашырлық танытқан адаммен әңгіме бастауға ұялады. Біреу басшылықпен кереғар болса, біреу жақындарының кемшіліктерін біліп, оны түзетуін қалайды. Біздің бойымыздағы мораль мен тәрбие шындықты айтуға және әр нәрсені өз атымен атауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз GetЕmotions қосымшасын ойлап таптық, - деп пікірін білдірді қосымшаның авторы Айтуған Омаров жобаның тұсаукесерінде. 

Жоба идеясын автор өз командасымен бірлесіп, үш жыл бойы ойластырып, пандемия кезінде жүзеге асырған. Жоба жетекшілері қазақстандықтарға GetЕmotions желісі жаңа серпін әкеліп, уақыт өте келе жаһандық әлеуметтік желіге айналарына сенімді. Жоба қосымша түрінде ұсынылған, әрі Android және IOS үшін жүктеуге қолжетімді. 

Кейде әртүрлі себептерге байланысты адамдарға жеке сұрақтар қою және жеке жағдайларды талқылау ыңғайсыз. Тәжірибелі адамдардан алынған бірнеше кеңес кейбір адамның жылдар бойы сақтап жүрген көкейкесті мәселесінің шешімін табуда көмектесуі мүмкін, - дейді Айтуған Омаров. 


 

Өзгелердің жаңалығы