Қазақстандықтар жалақы аударымдарын мобильді қосымша арқылы біле алады

29 Қаңтар 2021, 10:10
1720
Бөлісу:
Қазақстандықтар жалақы аударымдарын мобильді қосымша арқылы біле алады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар жұмыс берушінің қанша жалақы, табыс салығы, зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарын есептегенін тексере алады.

 

Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Azamat» («App Store» және»Play Market») мобильді қосымшасындағы «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты, ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарауына мүмкіндік береді. Сервис 2020 жылдың 1 тоқсанынан бастап салық кезеңдері бойынша қолжетімді, - делінген хабарламада. 

Деректерге қолжеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы немесе SMS пароль арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі. 

Деректерді қарау үшін «Салық әмияны», «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» бөлігіне өтіп, жыл мен кезеңді таңдау қажет. 

Бастапқы кезеңде мына жеке тұлғалар аталған деректерді қарай алады: 

- жұмыс берушілер бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданса; 
- немесе жұмыс берушілер оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданса. 

Мәліметтер болмаса немесе деректер сәйкес келмесе, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет. МКК «E-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market» - тен жүктеуге болатынын еске салады.   

Өзгелердің жаңалығы