Қазақстандықтар үшін вакцинацияның электронды паспорты дайын

17 Наурыз 2021, 18:28
1654
Бөлісу:
Қазақстандықтар үшін вакцинацияның электронды паспорты дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов айтты. 

Баспасөз конференциясы барысында журналист вакцинация паспорты қашан пайда болатынын және оны қалай көруге болатынын сұрады? 

Толық циклмен вакцинацияланған адамдар үшін, яғни вакцинаның екі дозасын алған адамдар үшін eGov mobile базасында бұл дерек (электрондық паспорт) бар. Егер сіз eGgov mobile пайдаланушысы болсаңыз және сіздің ұялы телефоныңызда қосымша болса, сіз өзіңіздің жеке парағыңызға өте аласыз және онда жеке деректер, цифрлық құжаттар деп аталатын құрал бар. Онда сізге вакцинаның қашан, қай мекемеде жасалғаны және деректерді енгізген жауапты дәрігердің аты-жөні жазылған вакцинация паспорты көрсетілген, - деді Қиясов. 

Оның айтуынша, электронды паспорт осы базада жүзеге асырылған. 

Бұл қосымшада тек қазақ және орыс тілдерінде ақпарат көрсетілген. Қазіргі уақытта ағылшын тілінде транскрипцияны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада бұл да іске асырылатын болады. Сонымен қатар, сіз қосымшаға кірген кезде осы вакцинация паспортынан QR-кодты шығару мүмкіндігі бар, - деп толықтырды Бас санитар.


Өзгелердің жаңалығы