Қазақстандықтар маунтинбайк марафонынан әлем чемпионатына қатысты

26 Қазан 2020, 09:32
1277
Бөлісу:
Қазақстандықтар маунтинбайк марафонынан әлем чемпионатына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маунтинбайк марафонынан Түркияда өткен әлем біріншілігінде қазақстандық спортшылар бақ сынады деп жазады Olympic.kz. 

Жарыс нәтижесі бойынша Денис Сергиенко 33-ші, Шәкір Әділов 36-шы орыннан көрінді. Темірлан Мұхамедиянов 41-ші нәтиже көрсеткен. Марафоннан әлем чемпионатында колумбиялық Гектор Леонардо Лион топ жарды. 

Екінші орында португалиялық Тьяго Феррейро орналасқан. Үшінші сатыда чехиялық Мартин Стошек.  

Өзгелердің жаңалығы