Қазақстандықтар қаңтар айында неше күн демалады?

20 Желтоқсан 2020, 12:18
2621
Бөлісу:
Қазақстандықтар қаңтар айында неше күн демалады?

Алматы, BAQ.KZ. Қаңтар айында еліміз Жаңа жыл мен Рождество мерекесін атап өтеді.

Жаңа жыл мейрамы қаңтардың 1-і мен 2-сіне келіп отыр, сондықтан бұл ресми мереке күндер. Дегенмен 2 қаңтар сенбі күні болғандықтан, 4 қаңтар қосымша демаламыз.

Осылайша Жаңа жыл мейрамындағы демалыс - 1, 2, 3 және 4 қаңтар күндері.

Айта кету керек, 31 желтоқсан жұмыс күні.

Ал 7 қаңтар православ христиандарының Рождество мейрамы, бұл күн де ресми демалыс деп белгіленген.

Қаңтар айында Қазақстан жұртшылығы жалпы 13 күн демалады.

Өзгелердің жаңалығы