Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты.
Өздеріңіз білетіндей, отандық вакцинаны әзірлеу жұмыстарымен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) айналысады. Олардың мәліметтері бойынша, бүгінгі күні барлығы жоспарлы түрде жүріп жатыр. Клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші кезеңі аяқталғанын білеміз. Бірінші кезең наурыз айында аяқталуы керек. Екіншісі сәуірде. Өткен жылдың желтоқсан айының соңында үшінші кезең басталды. Сондықтан, ол жүйелі түрде жүріп жатыр. Сәуір айының соңында вакцина дайын болады деп күтілуде. Алғашқы көлемі - 50 мыңға дейін. Сәуір айының соңына қарай алғашқы өнеркәсіптік партия шығарылады деп күтілуде, - деді Нұрлыбек Асылбеков.Ол сонымен қатар, Қазақстан қандай шетелдік вакцина өндірушілерімен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.
«AstraZeneca» бойынша келіссөздер жүргізілді. Алайда, бұл мәселе бойынша әлі белсенді келіссөздер болған жоқ дер едім. Біз БАҚ-ты бақылап отырамыз. Вакцинация мәселесі өзекті. Кейбір Еуропа елдерінің вакцинацияны тоқтатқанын ескере отырып, біз бұл мәселеде тым белсенді емеспіз. Жанама әсерлері аз препараттар бойынша көбірек келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мысалы, Pfizer, Moderna, Sinovac, Johnson & Johnson вакциналары бойынша. Бірақ келіссөздер құпия түрде жүргізіліп жатыр дер едім. Нақты жеткізу, бағалары бойынша қосымша ақпарат берілетін болады, - деп сендірді ол.