Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.
Ол атағандай, бүгінгі таңда қазақстандық вакцинаның екі компоненті арасындағы мерзімді ұзарту қарастырылмаған.Қазақстандық вакцинаны егу арақашықтығы вакцина өндірушілердің нұсқаулығымен ғана енгізіледі. Бүгінгі таңда ондай сұрақ туындамады. Жаңа деректер пайда болғаннан кейін өзгерістер енгізіледі. Осыған дейін айтқандай, Гамалеи институтының ресми мәліметі бойынша «Спутник-V» вакцинасының екі компоненті арасындағы мерзім ұзартылды, - деді Манар Смағұл.
Сондай-ақ, Манар Смағұл эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес Қазақстан бір айдан астам уақыт «қызыл» аймақта болғанын атап өтті.
Тек соңғы аптада ел орташа тәуекел аймаққа, яғни «сары» аймаққа ауысты. Бүгінгі күні әлі де 6 өңір «қызыл» аймақта тұр. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, БҚО, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары, - деген еді ол.