Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көркем гимнастикадан Мәскеуде өтетін әлем кубогі кезеңінде бақ сынайтын қазақстандық спортшылар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған сынға Сабина Бакатова мен Эльжана Таниева қатысады.
Турнир 9-11 шілде аралығында Мәскеуде өтеді. Бәсекеге 17 мемлекеттің спортшылары келеді деп күтілуде.
Турнир көрермендердің қатысуынсыз өтеді. Кубоктік кезең 2020 жылдың 12 шілдесінде өтуі тиіс болатын. Коронавирусқа байланысты бәсеке биылға ауыстырылды.