Қазақстандық гимнаст Словениядағы әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды

6 Қыркүйек 2021, 08:55
1625
Бөлісу:
Қазақстандық гимнаст Словениядағы әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қоссырықтағы жаттығудан әлем кубогі кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған сынға қазақстандық спортшы Фарух Набиев те қатысқан болатын. Ол 14,350 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. 

Бірінші орынды түркиялық Серкан Деми (14,500), үшінші орынды италиялық Марио Мачиати (14,250) жеңіп алған. 


Өзгелердің жаңалығы