Қазақстандық ғалымдар КВИ-дің жаңа штамдарын зерттеп жатыр – Күнсұлу Закарья

31 Наурыз 2021, 19:07
2169
Бөлісу:
Қазақстандық ғалымдар КВИ-дің жаңа штамдарын зерттеп жатыр – Күнсұлу Закарья

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты.

Біз Алматы қаласындағы науқастардан патологиялық материал алдық. Зерттеулерді биологиялық қауіпсіздік деңгейі зертханасында жүргіземіз. Бүгінгі таңда біздің ғалымдар вирустың «британиялық» және «оңтүстікафрикалық» штамдарын бөліп көрсетті. Патологиялық материал тек 19 наурызда алынды. Бүгінгі күні осы штаммдардың генетикалық, биологиялық қасиеттерін болашақта анағұрлым жетілдірілген вакциналарды дайындау технологиясын пайдалану мүмкіндігі үшін зерттеу жүргізілуде. Өздеріңіз білетіндей, бұл технология ұзақ жүреді. Ол бір күнде жасалатын зерттеу емес. Қазір жұмыс қарқын алды. Мұнда вакцинаның тұтас вирустан жасалғанын түсіну керек. Онда кең иммунитетті тудыратын вирус ақуыздарының толық жиынтығы белсенді болады, - деді Күнсұлу Закарья.

Бұған дейін спикер QazVac вакцинасының коронавирустың жаңа штамдарына қаншалықты қауқарлы екеніне де тоқталған еді.

Өзгелердің жаңалығы