Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда цемент өндірісі бір жылда 18%-ға өсті. Ал оның басты басты импорттаушысы - Өзбекстан.
Биылғы жылдың бірінші кварталында қазақстандық компаниялар 2,1 млн тонна портландцемент шығарды. Бұл 2020 жылдың бірінші кварталымен салыстырғанда 17,6%-ға көп. 2019 жылдың сәйкес кезеңінде цемент өндірісі 1,8 млн тонна болып, жылына 23,3%-ға ұлғайған еді.
Өңірлік бөліністе өндірістің жартысынан көбі Шымкентке (502,4 мың тонна, бір жылда 4,9%-ға көп), ШҚО-ға (381 мың тонна, бір жылда 4%-ға көп) және Қарағанды облыстарына (281,8 мың тонна, бір жылда 17,6%-ға көп) келеді.
Айта кетейік, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 10,8 млн тонн портландцемент өндірілді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9-ға көп.
Екі ай қорытындысы бойынша отандық компаниялар портландцементке деген сұранысты 94,1%-ға қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 93,1%-ға тең болды. Импорт үлесі 5,9%-ды құрады. Қазақстанға 77,6 мың тонна портландцемент әкелінді. Бір жыл бұрынғымен салыстырғанда бұл 12,9%-ға көп.
Ал экспорт үлесі 21,2-ды құрады. Экспорт бір жылда 26,2%-ға ұлғайып, 281,3 мың тоннаға дейін жетті. Өз кезегінде ішкі нарықта 1 млн тонна портландцемент өткізілді.
Сонымен қатар Хабар24 мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның цемент зауыттары артық өндіру саласында дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Компаниялар елдің ішкі нарығына қажет өнімді екі есе шығаруға қауқарлы. Бұл ретте, агенттік мәліметіне сәйкес, бұл салада материал имортының үлесі жоғары болып тұр.
Жыл басынан бері екі айда Қазақстан 13,7 млн АҚШ долларын құрайтын портландцементтің, суперсульфатты, сазбалшықты және қож цементтің 282,4 мың тоннасын экспортқа жіберді.
Заттай мәндегі өсім бір жылда - 26,3%, ақшалай мәнде - 38,7%.
Экспорт көлемі бойынша Өзбекстан көш бастап тұр. Онда 11,7 млн АҚШ доллары тұратын 240,4 мың тонна өнім жіберілді. Сондай-ақ Қазақстан Ресей мен Қырғызстанға 21 мың тонна цементтен жіберді.
Наурыз қорытындысы бойынша елдің ішкі нарығында цемент құны бір жылда 8,9% қымбаттаған. Ал 2019 жылдың наурызында да көрсеткіш 8,5%-ды маңайлаған еді.
Өңірлер бөлінісінде цемент Алматы облысында айтарлықтай қымбаттады (бір жылда 21,1%). Сонымен қатар өнім бағасы Түркістан (бір жылда 16,9%) мен Маңғыстау (плюс 15,5%) облыстарында шарықтап тұр.
Наурыз айында мықтылығы М400-ге сәйкес келетін портландцемент маркасының тоннасы 26,7 мың теңгеге, ал мықтылығы М500-дің тоннасы 27,6 мың теңгеден саудаланды.