Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Николай Шваб (5-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Ол Медлидегі бокс кешінде өнер көрсетті (АҚШ, Флорида). Швабтың қарсыласы мексикалық Карлос Хименес (1-0-1, 0 KO) болды.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. Кездесу соңына дейін жалғасып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл жеңіс Шваб үшін алтыншы жеңіс болды. Ал Карлос Хименес алғашқы жеңілісіне ұшырады.