Қазақстандағы вакцинация және қажылық сапары. ДСМ жауап берді

28 Мамыр 2021, 16:52
8266
Бөлісу:
Қазақстандағы вакцинация және қажылық сапары. ДСМ жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қажылыққа баратын уақыттың жақындағанына байланысты халықтың арасында көптеген сұрақ туындап жатыр. Соның бірі вакцинаға қатысты. Өйткені қажылыққа бару үшін індеттен сақтану мақсатында азаматтарда вакцинация алғаны туралы сертификат болуы шарт.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жауап берді.

Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық ұйымы арқылы басқа елдердің министрліктерімен бірігіп, вакцинацияны растайтын куәліктерді өзара тану бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл бір күндік шаруа емес. Қажылық компаниясын ұйымдастырмас бұрын, біз вакцинацияны растайтын сертификаттарды тану туралы осы сұрақтарға жауап аламыз деп ойлаймын, - деді Айнагүл Қуатбаева. 

Бұл жерде әңгіме Қазақстанда қолданылатын Sputnik V, QazVac және Hayat Vax вакциналары туралы болып отыр. Ол аталған вакцинация сертификаттарын жекелеген елдердің өзара мойындалуы керектігін түсіндірді. 

Айта кетейік, 26 мамыр күні Біріккен Араб Әмірлігі қажылыққа барудың арнайы талаптарын жариялаған болатын. Келушілер Сауд Арабиясында екі дозада ресми мақұлданған вакциналарды алады (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna). Екінші дозаны Корольдікке барудан 14 күн бұрын қабылдау керек. Көрсетілген вакциналар ішінде Қазақстанда салынып жатқан вакцинациялар жоқ.

Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы