Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрайымы Айгүл Соловьева «Қазақстан Республикасындағы жыртқыш құстардың сирек кездесетін түрлерінің заманауи мәселелері» туралы өткен брифингте айтты.
Мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанда жоғары вольтты электр беру желілерінде жыл сайын 50 мыңнан астам жыртқыш құс қырылады, бұл оның таралу аймағының бүкіл кеңістігінде таралымның азаюына алып келеді. Сонымен қатар республикада жыртқыш құстарды заңсыз әкету фактілері жиілеп кетті. Жыл сайын табиғатты қорғау және құқық қорғау органдары жабайы құстардың контрабандасы бойынша фактілерді тіркейді. Заңсыз әкетудің салдары Қазақстанның жабайы табиғатындағы Қызыл кітаптағы құстар популяциясының азаюына алып келеді, - деді Соловьева.Іс-шара барысында электр беру желілерінде, жел электр стансаларында электр тоғының соғуынан құстардың өлімі, контрабанда және сұңқар-ителгі популяциясын қалпына келтіру мәселелері талқыланды.