Қазақстанда жұмыс күшінің 47%-ын ауыл әйелдері құрайды – вице-министр

1 Шілде 2021, 16:23
3206
Бөлісу:
Қазақстанда жұмыс күшінің 47%-ын ауыл әйелдері құрайды – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Солтүстік Қазақстан ауыл әйелдерінің онлайн форумында айтты.

БҰҰ мәліметтері бойынша, дамушы елдерде ауыл әйелдері жұмыс күшінің шамамен 43%-ын құрайды. Қазақстанда жұмыс күшінің 47%-ын ауыл әйелдері құрайды, бұл ретте осы әйелдердің шамамен 400 мыңы (23%) ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Үкіметтің бүгінгі таңдағы басты міндеттерінің бірі - бұл ауылда өмір сүруге жайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту және табысты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Осыған байланысты «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында әйелдердің жұмыспен қамтылуын ұлғайтуға көп көңіл бөлінеді, - деді Біржанов.

Оның айтуынша, бүгінгі күні бағдарламаға қатысушылардың жартысын немесе 144,5 мыңын әйелдер құрайды, оның ішінде 75,8 мың ауыл әйелдері.

Әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша мынадай қолдау шаралары көзделген. Бүгінгі таңда олар 4,3 мың әйелді, оның ішінде солтүстік өңірлерден 1,5 мың әйелді қамтыды. Несиелер беру түрінде кәсіпкерлікте әйелдер бастамаларын қолдау да бар. Ең маңыздысы, әйелдер халқына берілетін кредиттердің 84%-дан астамы ауыл әйелдерінің үлесіне тиесілі. Бұл ретте солтүстік өңірлерден келген ауыл әйелдері 652,7 млн теңге (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар) сомасына 250 микрокредит алды, - деді ол.

Айта кетейік, аталмыш форум Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Халықаралық Coca-Cola қорының қолдауымен Қостанай облысының әкімдігі, «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ ұйымдастырды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ауыл әйелдерінің форумы өңірден басталды.

Өзгелердің жаңалығы