Қазақстанда жол битумының рекордтық көлемі өндірілді

25 Қазан 2020, 15:56
1765
Бөлісу:
Қазақстанда жол битумының рекордтық көлемі өндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жол битумын дайындаумен айналысатын «Газпромнефть -Битум Қазақстан» ЖШС кәсіпорынының өндірістік процесімен танысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

«Газпромнефть-Битум Қазақстан» кәсіпорны 7 жыл бойы мұнай жол битумын дайындаумен айналысады. Өндіріс қуаты тәулігіне 1000 тоннаны құрайды. Өндіріс алаңында БНД 60/90 және 70/100 базалық битумның маркалары шығарылады, олардың сапасы ресейлік және қазақстандық стандарттарға сәйкес келеді. Дайын өнімді жөнелту құю, сондай-ақ оралған түрде металл бөшкелерде жүзеге асырылады. «Газпромнефть» битумын қолдана отырып, Оңтүстік Қазақстан жолдарының үштен бірі, оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық дәліз – ірі жол жобасының автомобиль жолы салынды. 

Нұрлан Ноғаев кәсіпорынның өндірістік процесімен танысты. Кәсіпорын басшылығымен әңгімелесу барысында Министр 2014 жылдан бастап 2020 жыл аралығындағы битумға деген қажеттілік 400 мың тоннадан 984 мың тоннаға дейін өскенін атап өтті, бұл Қазақстан тарихында рекордтты көлем болып табылады. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда жол битумын өндіретін 4 зауыт - «CaspiBitum» БК» ЖШС, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС, «Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС және «Асфальтбетон 1» ЖШС жұмыс жасайды, олардың жиынтық қуаттылығы жылына 1,0 млн. тоннаны құрайды. Отандық зауыттардың өндірістік қуаты битумға деген жоспарлы қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз етуге қабілетті. 

2020 жылға арналған битум өндірісінің графигі 983,8 мың тонна деңгейде бекітілген, оның ішінде 524,4 мың тонна республикалық, ал 459,5 мың тонна жергілікті маңызы бар жол құрылысына арналған.

Өзгелердің жаңалығы