Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін құрлықтық чемпионат аяқталған соң Азия триатлон конфедерациясының жыл сайынғы 29-ы Конгрессі өткізілді. Конгрессте Азияның 25 ұлттық триатлон федерацияларымен қатар, Қазақстан триатлон федерациясы да қатысты.
Бұл туралы Ұлттық триатлон федерациясы хабарлады.
Онлайн-конференцияның кезінде Asia Triathlon президентінің, бас хатшысының, бас қазынашысы мен спортты дамыту басшысының жылдық есептері тыңдалды. Конгрес мүшелері ұйым күнтізбесіне спринт қашықтығындағы Азия чемпионатын қосу туралы Конституцияға өзгеріс енгізуді бір ауыздан мақұлдады. Asia Triathlon құрамына жаңа мүше – Сауд Арабиясының ұлттық триатлон федерациясы қабылданды.
Сонымен бірге виртуалды кездесу кезінде жуырда болатын Азия құрлығының ірі турнирлерінің жергілікті ұйымдастыру комитеттері өз іс-шараларымен таныстырып өтті.
Олар:
Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындары;
2021 жылы Чолпон-Атада өтетін спринт қашықтығындағы Азия чемпионаты;
2021 жылы Нұр-Сұлтанда аралас эстафета және U23, Junior санаттарында спортшылар арасындағы Азия чемпионаты;
2022 жылы Ханчжоуда болатын 19-ы Азия ойындары.
Осылайша Қазақстан өз жерінде аралас эстафета, жасөспірім және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатын қабылдайтын болады. Орталық Азияда алғаш өткелі отырған айтулы дода 3-5 қыркүйекте ел астанасында өтеді деп жоспарлануда.