Қазақстанда теннистен Президент Кубогі өтеді

27 Наурыз 2021, 05:27
1737
Бөлісу:
Қазақстанда теннистен Президент Кубогі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Биыл Қазақстанда Президент Кубогі үшін теннистен дәстүрлі турнир өтеді, деп хабарлайды olympic.kz.

Елдегі жағдайдың барлығы жақсы болса, теннистен «Президент Кубогін»  міндетті түрде өткіземіз. Бұл – жыл ортасында өткізілетін маңызды турнир. Онда келешегінен үміт күттіретін ойыншыларымызды бақылаймыз. Кукушкин, Недовесов, Голубев үнемі қатысады. Рейтингідегі орнына байланысты Бублик қатыспайтын шығар. Бірақ біз үшін бұл – спортшыларымыздың жарты жылдағы прогресін көруге мүмкіндік беретін алаң. Сол себепті оны міндетті түрде өткіземіз, - деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.
Еске салайық, «Президент Кубогі» 2007 жылдан бері өткізіліп келеді және ол дәстүрлі түрде Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады.




Өзгелердің жаңалығы