Қазақстанда мұғалімдердің табысы қанша?

26 Тамыз 2021, 10:07
5255
Бөлісу:
Қазақстанда мұғалімдердің табысы қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы бір жылда бірден 27%-ға өсті, деп хабарлайды ranking.kz.

Зерттеу деректері бойынша 2021 жылдың екінші тоқсанында білім беру саласында 528,4 мың адам жұмыспен қамтылды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5%-ға өскен.

Сарапшылар өңір бойынша білім беру саласындағы қызметкерлердің басым бөлігі Алматы облысында екенін айтады, 68,3 мың адам.

Үштікке Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы да енді. Білім беруде жұмыспен қамтылғандардың ең азы Атырау облысында екен, бар болғаны 14,2 мың адам.

Қазақстанда мұғалімдердің табысы қанша?

2021 жылдың екінші тоқсанында білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 233,9 мың теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,8%-ға өскен.

Қазақстанда мұғалімдердің табысы қанша?

Өңір бойынша ең көп жалақыны елордадағы білім беру саласының қызметкерлері алады екен - 350,8 мың теңге, былтырға қарағанда 17,6%-ға өскен. Екінші және үшінші орында Маңғыстау облысы (268 мың теңге) және Алматы (265,5 мың теңге) орналасқан. Ең нашар көрсеткіштер Батыс Қазақстан облысында, мұнда ұстаздардың жалақысы 200,7 мың теңге, былтырға қарағанда 31,6%-ға өскен.

Қазақстанда мұғалімдердің табысы қанша?

Сарапшылар атап өткендей, 17 өңірдің тек 5-інде ғана жұмысшылардың жалақысы ел бойынша орташа жалақыдан асып түскен. Алдында атап өткен 3 өңірден басқа, бұл бестікке Қызылорда және Алматы облыстары да кірді.

2022 жылғы қаңтарда балабақшалар, мектептер мен колледж педагогтерінің жалақысы тағы 25%-ға өседі. Сонымен қатар 2021 жылдың қыркүйегінен бастап педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді және білім беру ұйымдарының директорларын тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілілмек.



Өзгелердің жаңалығы