Қазақстанда қанша жетім бала бар екені айтылды

31 Мамыр 2021, 18:10
12589
Бөлісу:
Қазақстанда қанша жетім бала бар екені айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина Қазақстанда қанша жетім бала өмір сүретінін айтты.

Бүгінде республикада 23 мыңға жуық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Олардың тек 4 мыңы балалар үйінде тұрады. Жылдан-жылға жетімдер үйінің саны азайып келеді. Соңғы 10 жылдың өзінде жетім балаларға арналған ұйымдар саны 114-ке қысқарды. Бүгінгі күні біздің елімізде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 96 ұйым жұмыс істейді. Соңғы үш жылдан контингент 2 мыңға азайды, - деді Овечкина ОКҚ онлайн брифингінде.

Сонымен бірге, оның айтуынша, елде статистиканы азайту мақсатында балалар үйлерін трансформациялау жүргізілуде. Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары құрылды. Қазіргі кезде мұндай орталықтарда балаларға кешенді жан-жақты көмек көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы