Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің нақты саны 88409 адамды құраса, оның 49 031-ы, яғни 55,5 % әйел. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарды атқаратын әйелдердің саны 39,8 % құрайды (9531 адам).
Бұл ретте мемлекеттік қызметтегі жалпы басқарушы лауазымды атқаратныдардың жалпы саны - 23961 адамды құрайды. Ал, жергілікті мемлекеттік органдардағы әйелдердің үлесі 51, 9 % құрайды (21744 адам). Үздік үштікте – Ақмола (63, 3%), Солтүстік Қазақстан (61,5%), Шығыс Қазақстан (61,4%) облыстары бар - делінген хабарламада.