Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстан автомобиль конвенті» заңды тұлғалар қауымдастығының президенті Марат Берқалиев журналистермен кездесуде айтты.
Әрбір автобусқа 2,5 жүргізуші керек. Жүргізушілерге деген сұраныс өте жоғары. Олардың орташа жасы 50-55 жасты құрайды. Бүгінгі таңда 2015 жылы жүргізушілер куәлігін алуға енген өзгерістерге сәйкес санатты бұрынғыдай 21-де емес, 25-те алады. 25 жасында жүргізуші куәлігін алғандар бұл жұмысқа келмейді. Себебі бұл саладағы жалақы қызықтырмай отыр. Елордада еңбекақы жақсы болуы мүмкін. Алайда жұмыс күнінен артық істеудің деректері бар болғандықтан осындай тапшылық туындап отыр, - деді ол.
Берқалиев Алматы сынды ірі қалаларда автобус жүргізушілері айына 350-400 мың алуы мүмкін дейді.
350 мың жалақыға Атырауда жүргізуші таппай отыр. Оларда да тапшылық жоғары. Бұл өңірде де жалақы жақсы деуге болады. Ал қалған аймақтарда 200-250 мың теңгеге тең. Бұл-өте аз. Оған ешқандай жүргізуші келгісі келмейді. Мысалы, Ақтөбеде 250 мың айлыққа ешкім келмейтінін айтады. Сондықтан бұл мәселенің шешу жолдарын қарастыру керек, - деді Марат Берқалиев.
Қауымдастық президенті жүргізушілердің бұл қызметке неге қызығушылық танытпай отырғанының себептерін атады.
Жүргізушілер таңғы төрттен жұмысқа кірісуі керек. Ауысатын жүргізуші болмағандықтан ол түнгі 11-ге дейін жұмыс істейді. Ауа райының әртүрлілігіне қарамастан жұмыс істейді. Яғни, қолайлы, қолайсыз болса да. Психологиялық, физикалық қысым да өте жоғары, - деді ол.
Жалпы зерттеу бойынша Қазақстанға 3500 мың автобус жүргізушсі қажет.