Қазақстанда асқазан қатерлі ісігі кең таралған

10 Желтоқсан 2020, 17:19
3984
Бөлісу:
Қазақстанда асқазан қатерлі ісігі кең таралған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қатерлі ісікті зерттеу бойынша халықаралық агенттігінің бас директоры Элизабет Вейдерпас (Elisabete Weiderpass) айтты.

Бүгін Алматы қаласында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОжРҒЗИ) 60 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан онкологиясы. Кеше. Бүгін. Ертең» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция басталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қатерлі ісікті зерттеу бойынша халықаралық агенттігінің бас директоры Элизабет Вейдерпас (Elisabete Weiderpass)

2018 жылы әлем бойынша қатерлі ісік дертіне шалдыққан 18 миллионнан астам жағдай тіркелген және 43 миллионнан астам науқас түрлі онкологиялық аурулармен өмір сүріп келеді. Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, қатерлі ісікке 33 мыңнан астам шалдығып, оның 21 828-і қайтыс болған. Елде колоректальді қатерлі ісік және асқазан қатерлі ісігі кең таралған. Егер Қазақстандағы онкологиялық дерттердің таралу тенденциясына тоқталар болсақ, онда 2040 жылға қарай 51 406 адам қатерлі ісіктен қаза табады деген болжам жасауға болады. Бұл демографияның өзгеруімен тікелей байланысты болмақ, - деді ол.

Ғалымның айтуынша, Қазақстандағы онкологиялық аурулар мерзімі айтарлықтай және ол ұлғайып келеді.

Онкологиялық жағдайлардың 30-50%-ның бетін қайтаруға болатыны белгілі. Ол үшін дәлелге негізделген экономикалық шаралардың қабылданғаны керек. Әрине, оның бәрі қолжетімді әрі қажетті дәлелдерге негізделіп, қаржыландырылуы қажет. Сондай-ақ тамақ өнімдерін, зиянды тағам түрлерін тұтынуды шектеуді, физикалық белсенділіктің болуын, артық салмақ пен алкоголь өнімдерін тұтынуды қадағалау керек. Гепатит В-ға қарсы екпе салдыру да назардан тыс қалмағаны дұрыс, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы