Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің көмір өндіруші компаниялары 2020 жылдың 9 айында 78 млн. тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99%-ды құрайды.
Еліміздің энергия өндіруші кәсіпорындарына 42 млн тонна, өнеркәсіп кәсіпорындарына 4,2 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 6,3 млн тонна көмір жөнелтілді.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес тұтыну көлемі шамамен 10 млн. тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн тонна, тұрғындар – 7,2 млн тонна болады.
2020 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша көмірмен қамтамасыз етушілік коммуналдық-тұрмыстық секторды 84%-ды, халықты 76%-ды құрайды. Өткен жылыту маусымының осы кезеңінде қамтамасыз етушілік коммуналдық-тұрмыстық секторды 73%-ды, халықты 69%-ды құрады.
Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен толық қамтамасыз етті.
Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған, көмірге тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді жеткізуді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр.