Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде бірқатар авиакомпанияның қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
Авиациялық әкімшілік 2020 жылы ұшу және әуе қауіпсіздігі саласында бірқатар іс-шараны атқарды:
- 65 инспекциялық тексеріс;
- 9 әуе компаниясын сертификаттау;
- аэронавигация саласында 17 аудит;
- 31 әуе айлақты сертификаттау;
- әуе айлақтарына 19 инспекциялық тексеріс.
«Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 әуе компанияның, соның ішінде «Бек Эйр» компаниясының қызметі тоқтатылды», делінген хабарламада.